Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония­ның залында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында есірткіге қарсы Taza Fest концерті өтті.
Taza Fest: құқықтық санаға үлес
154
оқылды

Концертті Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы теріс көзқарас қалыптастыру, саламатты өмір салтын насихаттау және құқықтық сананы арттыру. Астана қаласы Полиция депар­та­ментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бөлім бастығы, по­лиция подполковнигі Әлия Қибатқы­зының айтуынша, жыл басынан бері қалада есірткінің заңсыз айналымына қатысты 300-ге жуық құқықбұзушылық анықталған.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ