Астана халықаралық әуежайында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты рейстердің ұшу уақыты өзгереді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әуежайдың мәліметінше, 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында ұшу-қону жолағында күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осы уақытқа сәйкес келетін барлық рейс алдын ала қайта жоспарланып, таңғы немесе кешкі уақыттарға ауыстырылған.
Әуежай өкілдері жолаушыларға рейстердің нақты уақытын алдын ала тексеруді ұсынады. Айта кетейік, терминал мен барлық қызмет көрсету аймақтары қалыпты режимде жұмыс істейді.
