Бұрымды боксшымыз 80 келіден жоғары салмақтың финалында шаршы алаңға шығады.
Боксшы Дина Исламбекова Азия чемпионатының финалына жолдама алды
129
оқылды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Дина Исламбекова Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұрымды боксшымыз 80 келіден жоғары салмақтың финалында шаршы алаңға шығады.

Дина жартылай финалда төрешілердің шешімімен өзбекстандық Олтиной Сотимбоевадан басым түсті.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін) және Надежда Рябец (80 келіге дейін) финалға шыққан болатын.