Оның ықтимал қарсыласы — британдық Дензел Бентли.
Жәнібек Әлімханұлы рингке қайта оралса, кіммен бірінші жұдырықтасуы мүмкін екені айтылды
127
оқылды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы биыл желтоқсан айында шаршы алаңға оралуы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Еске салайық, екі боксшы 2022 жылдың қараша айында кездескен. Сол жекпе-жекте  Qazaq Style лақап атымен танымал Әлімханұлы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.

Ал 4 сәуір күні Бентли Лондонда өткен бокс кешінде венесуэлалық Эндри Саавердамен жұдырықтасты. Жетінші раундта британдық боксшының жойқын соққыларынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаут тіркеді.

Осы жеңістің нәтижесінде Бентли WBO тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы атанды. Енді ол толыққанды чемпиондық титул үшін Әлімханұлымен кездесуге тиіс.

Айта кеткен жөн, Жәнібек Әлімханұлының дисквалификация мерзімі биыл желтоқсанда аяқталады деп күтілуде. Бұған дейін оның 2025 жылы Эрисланди Ларамен жекпе-жек алдында допинг қолданғаны анықталып, халықаралық ұйымдар тарапынан жазаға тартылған еді.