Жалғастың Oktagon-дегі рекорды – 3 жеңіс, жеңіліс жоқ
Жалғас Жұмағұлов екінші белбеу үшін жекпе-жек өткізеді
instagram.com/zhumagulov_zhalgas
144
оқылды

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов 6 маусым күні Братиславада Oktagon ұйымында жеңіл салмақта (61 кг) титулдық жекпе-жекке шығады. Ол қазіргі наилегчайший салмақ (57 кг) чемпионы ретінде салмақ ауыстырып, бразилиялық Игор Севериноға қарсы айқасады.

Жалғастың Oktagon-дегі рекорды – 3 жеңіс, жеңіліс жоқ. Оның қарсыласы Игор Северино (10-1) ұйым аясында 2 жеңіске жеткен. Ол соңғы жекпе-жегінде Хуршед Кахоровты нокаутпен жеңіп, чемпион атанған.

Севериноның мансабындағы жалғыз жеңілісі 2024 жылы болған. Сол кезде ол қарсыласын жекпе-жек кезінде тістеп, дисквалификация алып, ұйымнан шығарылған.