Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 5 сәуірге қараған түні Голубые пруды кентінде болған. Cobalt, BMW және Priora маркалы көліктер соқтығысқан.
Қарағандыдағы жол апаты: үш көлік соқтығысып, бес адам ауруханаға түсті
216
оқылды

Қарағанды қаласында үш автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 5 сәуірге қараған түні Голубые пруды кентінде болған. Cobalt, BMW және Priora маркалы көліктер соқтығысқан.

Апат салдарынан бес адам жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген. Қазіргі уақытта олардың жағдайы туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
– Жылдамдықты асырмаңыздар, жолда барынша мұқият әрі қырағы болыңыздар, – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.