Бұл туралы облыстық әскери әкімшілік басшысы хабарлады
Ресей әскері Никопольге дронмен шабуылдады: қаза болғандар бар
226
оқылды

Ресей әскері Днепропетров облысындағы Никополь қаласына соққы жасап, 5 адам қаза тауып, 19 адам жарақат алды. Бұл туралы облыстық әскери әкімшілік басшысы Александр Ганжа хабарлады.

Шабуыл FPV-дрондар арқылы жасалған. Салдарынан өрт шығып, сауда павильондары мен дүкендер қираған. Қаза тапқандардың ішінде 3 әйел және 2 ер адам бар. Жараланғандардың арасында 14 жастағы қыз бар, оның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Соңғы күндері Ресейдің шабуылдары жалғасуда. Бұған дейін Сумы қаласында дрон соққысынан 11 адам жараланған, ал Киев облысында дрон ветеринарлық клиникаға түсіп, шамамен 20 жануар қырылған. Сонымен қатар, бейбіт тұрғындар арасында да шығындар бар.