Түркістан облысы Сайрам ауданы Машат елді мекені Машат өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында ТЖМ жедел құтқару жасағының қызметкерлері 2024 жылы туған баланың мәйітін тапты.
ТЖМ алдын ала мәліметі бойынша, бала 31 наурыз күні өзенге құлап кеткен.
Іздестіру жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілді. Нәтижесінде баланың денесі оқиға орнынан шамамен 7 шақырым төмен жерден табылды
