Оның айтуынша, ол қыздарына ең алдымен өзіне сенуді үйретеді.
«Қазір тек бір саламен шектелуге болмайды»: әнші Мөлдір Мұқанова қыздарына қандай кеңес беретінін айтты
375
оқылды

Әнші Мөлдір Мұқан кез келген адам заман талабына сай жан-жақты дамуы тиіс екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы ол Bugin live бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.

Оның айтуынша, ол қыздарына ең алдымен өзіне сенуді үйретеді.

«Қазіргі заманда адам үнемі даму үстінде болуы керек. Тек бір саламен шектелуге болмайды. Әнші болсаң да, өз контентіңді өзің жүктеп, оның таралуына еңбек етуің қажет. Қазір бір адамның бірнеше мамандықты қатар алып жүруіне барлық мүмкіндік бар»,-дейді ол.

Әнші отбасында да осы қағиданы ұстанатынын атап өтті. Айтуынша, қызы Әдемі оның әндерін платформаларға жүктеп, осы бағытта еңбек етіп жүр.

Сонымен қатар, ол өзін «жұмсақ ана» екенін де жасырмады.

«Балаларыма қатты ұрыса алмаймын. Біз бәрін ашық сөйлесіп шешеміз. Жұмсақпын деп олар еркелеп кетпейді, әр нәрсенің орнын біледі»,-деді әнші.