Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Үкімет 2026-2028 жылдарға арналған мәдени мұраны сақтау жоспарын бекітті
150
оқылды

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Үкіметі ЮНЕСКО және ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің 2026–2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жоспарда тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау, материалдық емес мәдени мұраны қолдау, мамандарды даярлау және Қазақстанның осы саладағы халықаралық бағдарламалар мен бастамаларға қатысуын кеңейту жөніндегі нақты шаралар көзделген.

Негізгі міндеттердің қатарында дүниежүзілік мұра нысандарын қорғау сапасын арттыру, Қазақстанның мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде ілгерілету, сараптамалық және білім беру базасын дамыту, сондай-ақ мәдени мұраны сақтау ісіне қоғамды белсенді тарту іс-шаралары бар.