Айта кетейік, Жанболат пен Жазираның құда-құдағиы сымбатымен көпшілікті сүйсіндіріп, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
«Әлемдегі ең сұлу құдағи»: Жазира Байырбекова көпшілікті таңғалдырған жазба жариялады
1,553
оқылды

Әнші Жазира Байырбекова көпшіліктің назарын аударған құдағиы туралы әсерлі жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, құдағиына деген ерекше ықыласын жеткізді.

«Менің құдағиым Лиза Ахметова – әлемдегі ең сұлу құдағи. Осыдан 20 жыл бұрын бір жиында аяғы ауыр жас келінді көріп, сұлулығына таңғалған едім. Сол кезде оның болашақта менің құдағиым боларын, ал құрсағындағы сәби менің келініме айналарын ойламаппын.

Құдағиым – достарымыз Бақытгүл мен Дәуреннің, өнердегі ініміз Кенжебек пен Жәмиланың келіні. Той керемет өтті десе қуанып, дұрыс болмады десе көңіл түседі. Той алдында да, өткеннен кейін де уайымдайды екенсің», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Жанболат пен Жазираның құда-құдағиы сымбатымен көпшілікті сүйсіндіріп, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.