Софья қысқа бағдарламасында 66.95 ұпай жинады.
Софья Самоделкина әлем чемпионатының еркін бағдарламасына жолдама алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
113
оқылды

Бүгін Чехия астанасы Прагада мәнерлеп сырғанаудан әйелдер қысқа бағдарламада сынға түсіп, үздік 24 спортшы шешуші еркін бағдарламаға өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қазақстан атынан өнер көрсеткен Софья Самоделкина әзірше 12-орында келе жатыр. 

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, Софья қысқа бағдарламасында 66.95 ұпай жинады. 

Ол бұған дейін Милан Олимпиадасына қатысып, ТОП-10-ға кірген болатын. 

Қысқа бағдарламаның қорытындысы (33 қатысушы): 1-орын.Каори Сакамото (Жапония) - 79.31 ұпай 

2-орын. Моне Чибэ (Жапония) - 78.45 ұпай 

3. Эмбер Гленн (АҚШ) - 72.65 ұпай 

12-орын. Софья Самоделкина - 66.95 ұпай 

Шешуші еркін бағдарлама 27 наурыз күні өтеді. 

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында Софья Самоделкина былтыр АҚШ-тағы жаһандық додада 14-орынға тұрақтаған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.