Блогер видео жариялап, баласының денсаулығына байланысты қатты алаңдап, көңіл күйі құбылып жүргенін айтты.
"Көз жасымды тоқтата алмадым...": танымал блогер баласының диагнозын айтып, жан сырын ақтарды
149
оқылды

Танымал блогер Рысбала Икрамбай отбасыдағы жағдайды айтып, жан сырын ақтарды, – деп жазды Aikyn.kz.

Блогер видео жариялап, баласының денсаулығына байланысты қатты алаңдап, көңіл күйі құбылып жүргенін айтты. 

«Соңғы кезде неге бірде күліп, бірде жылап жүргенімді түсінбей жатқан шығарсыздар. Бұл маған да оңай емес. Білесіздер, бір балама “ЗПР” диагнозы қойылған. Жақында төртінші балам Расулды атымен шақырсақ, назар аудармайтынын байқадық. Бұған дейінгі тәжірибеміз бар болғандықтан, бірден дәрігерге апардық. Дәрігердің “Өзіңіз де түсініп тұрсыз ғой” деген сөзінен кейін көз жасымды ұстай алмадым», – деді ол.

Желі қолданушылары блогерге қолдау білдіріп, денсаулық тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.