Оқиға кеше кешкісін Атырау қаласындағы Бесікты ауылы маңында болған.
6 бала құтқарылды: Атырауда үш көлік батпақтан шығарылды
www.istockphoto.com
238
оқылды

Атырауда құтқарушылар батпаққа батқан үш көлікті шығарып, 12 адамды құтқарды. Оның ішінде 6 бала, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдай министрлігі баспасөзінің хабарлауынша, оқиға кеше кешкісін Атырау қаласындағы Бесікты ауылы маңында болған. Сондағы демалыс орындарының бірінің жанында үш жеңіл көлік батпақты жерге батып, қозғала алмай қалған.

 – Жер бедерінің күрделілігі мен тұрақты байланыс желісінің болмауын ескере отырып, құтқарушылар жоғары өтімді техника мен спутниктік байланысты пайдаланды. Нәтижесінде 12 адамның барлығы, оның ішінде 6 бала қауіпсіз түрде эвакуацияланып, елді мекенге жеткізілді. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады, – делінген хабарламады.

ТЖМ тазартылмаған және батпақты жол учаскелерінде, әсіресе түнгі уақытта, жеңіл автокөлікпен жүруден бас тартуды сұрайды.