Бойжеткен аман қалған.
"5-қабаттан секірген": Ақтауда бойжеткен тұрғын үйдің төбесінен секірмек болған
www.istockphoto.com
411
оқылды

Ақтауда бойжеткен бес қабатты тұрғын үйдің төбесінен секіріп, өлмек болған, бесінші қабаттан секіріп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайта Lada-ға сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға кеше күндіз Ақтау қаласының 22-шағын ауданында орналасқан №6 тұрғын үйде болған. 

Куәгерлердің айтуынша, бойжеткен бес қабатты үйдің төбесінен құлаған сәтте 2-қабаттағы терезе үстіндегі темір қалқанға соғылып, кейін жерге құлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен қыз аман қалған.

Өңірлік полиция департаменті 1993 жылы туған қыздың шынымен секіргенін растады. Сондай-ақ оның ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

"Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді ведомство.