Журналист туындысын баспаға тапсырғанын, күзде жарыққа шығатынын жеткізді.
Танымал тележүргізуші өмірі жайлы кітап жазып жатқанын айтты
326
оқылды

Тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында кітап жазып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, кітап өзінің өмірі жайлы болмақ. Журналист туындысын баспаға тапсырғанын, күзде жарыққа шығатынын жеткізді.

«Кітап жазып жатыр екенсің. Не туралы?» деп сұрақ қойып жатқандар көп. Бұл мені бір жағынан қуантса, екінші жағынан қобалжуымды да үдете түсті. Екі жыл бойы мені мазалаған тақырып толғағы жетіп, дүниеге келгелі тұр. Қайтіп қобалжымайсың?! Кітапты қолына алған оқырман, қыз-келіншектер әсіресе, өзін таниды деп ойлаймын. Жалғызбасты, балалы әйелдің қоғам стереотиптерінің қыспағында жүруі. Ақтала ма деген үміттің қақпанға түсіп, аяғында сталкингке айналуы. Кітап жайлы қысқа қайырсам, осы! Осы күзде тұсаукесер болады. Күтіңіздер!» - деп жазды журналист.

Айта кетейік, Дана Нұржігіт 2019 жылы екінші рет тұрмысқа шыққан болатын. Алайда екі жылдан аса уақыттан кейін ажырасқан. Бұрынғы күйеуі психологиялық және моральдық тұрғыда қысым көрсетіп, сталкинг жасағанын айтқан еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.