Кейде ұялы телефонымыздың қуатын «толтырып» алсақ та, аз ғана уақытта таусылып жатады. Оның себебі де әртүрлі. Ал мына кеңестер телефоныңыздың қуатын ұзағырақ сақтауға көмектеседі:
Біріншіден телефонның «экономный режимін» қолданыңыз. Ол үшін ең алдымен телефон батырмаларын басқанда шығатын дыбысты өшіріп тастаған жөн.
Екіншіден, ұялы телефонға келетін қоғырауды вибрациясыз қойсаңыз, оның қуатты ұзағырақ сақтауға көмектеседі. Оның үстіне телефон жарығын бәсең қойыңыз, тіпті флипті ашқанда жанатын жарықты өшіріп тастаңыз. Жаңа немесе ұзақ уақыт қолданылмаған батареяны 14 сағаттан кем қуаттамау қажет. Жаңа батареяның сыйымдылығын арттыру үшін оны сатып алғанда қолданбас бұрын 3 рет қуаттап, қайта «өлтіру» қажет.
Аккумулятордың ұзақ уақыт қолданылмай, тұрып қалуы болмауы керек. Сондай-ақ телефон тоқ көзінде 24 сағаттан артық қосылып тұрмауы қажет.
Телефон батареясын сақтау және оның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін заряд деңгейін 20–80% аралығында ұстаңыз, 0%-ға дейін толық разрядтаудан және 100%-ға дейін жиі зарядтаудан аулақ болыңыз. Қызып кетуден сақтаңыз, түпнұсқа зарядтағыштарды пайдаланыңыз, энергия үнемдеу режимін қосыңыз және экран жарықтығын төмендетіңіз.
Қазір ұялы телефон үшін оңтайлы заряд 20–80% қуаттылық. Қазіргі литий-ионды батареялар шектен тыс, яғни үнемі 100%-ға дейін қуаттау, олардың тез тозуына әкеледі. Сондықтан толығымен қуаттаудың да, соңғы қуаты қалғанға дейін жүрудің де қажеті жоқ. Егер телефоныңыз сөніп қалса, мүмкіндігінше тезірек зарядқа қойыңыз.
Телефонды күннің астында қалдырмаңыз, зарядтау кезінде ауыр ойындар ойнамаңыз.