Жолды 2026 жылғы 20 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Қолайсыз ауа райы: Қарағанды және Павлодар облыстарында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
98
оқылды

ҚазАвтоЖол екі облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қарағанды облысы:

19 наурыз сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі: 

- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолы км 970 — 1066 (Қарағанды қаласы — Молодежный кенті); 

- «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Бұғаз» автожолы км 17 — 217 (Қарағанды қаласы — Қарқаралы қаласы). 

Жолды 2026 жылғы 20 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Павлодар облысы:

19 наурыз сағат 21:30-да Қарағанды облысындағы ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының км 1135 — 1206 (Қарағанды облысының шекарасы — Шідерті кенті) учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі. 

Жолды 2026 жылғы 20 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.