Жамбыл облысы Полиция департаментіне Тараз қаласының тұрғыны өзін бопсалағаны туралы арызбен жүгінген, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Арызданушының сөзінше, күдікті оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді әлеуметтік желілерде жариялаймын деп қорқытып, оны таратпау үшін 5 миллион теңге талап еткен.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел түрде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысын бастаған.
Жедел іс-шаралар барысында күдікті арызданушыға қысым көрсетуді тоқтату және бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған жағымсыз пікірлерді жою үшін берілген ақшаны алу сәтінде қылмыс үстінде ұсталды.