Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев қазіргі уақытта тергеу изоляторында отыр.
Атырауда бір отбасын өлтірді деген ер адам санкциямен екі айға қамауға алынды
104
оқылды

Атырауда қайын атасы мен қайын енесін, сондай-ақ әйелінің ағасы мен әпкесін өлтірді деген күдікке ілінген азамат сот санкциясымен екі айға қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл шешімді қалалық мамандандырылған тергеу соты қабылдады. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев қазіргі уақытта тергеу изоляторында отыр.

Төрт адамның өліміне байланысты оған Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылды: 99-баптың 2-бөлігі (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 188-бап (ұрлық).

Еске сала кетейік, бұған дейін тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күдікті Жангелдин ауылына және Атырау қаласындағы үйге жеткізілген. Сол жерлерден Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның мәйіттері табылған.

Қаңтар айында ерлі-зайыптылардың мәйіті Жангелдин ауылындағы үй ауласындағы сарайдан табылған еді. Күдікті олардың балаларының жерленген орнын туған жеріне жеткізілгеннен кейін ғана көрсеткен.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты тергеп жатыр.