Жаңару күніне орай республикалық мәдениет ұйымдары бірқатар іс-шаралар ұйымдастырады.
Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні!
Фото: iStock
139
оқылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде дәстүр мен рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мәдени-танымдық іс-шара өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мәдениеттерді жақындастыру орталығында тазалық пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мақсатында «Жаңаруды – тазалықтан бастайық» атты сенбілік жоспарланып отыр. Ұлттық музейде «Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі» атты мәдени бағдарлама ұсынылады. Ал Республикалық академиялық неміс драма театры саябақта көктемгі жаңару мен жастар тақырыбына арналған бағдарлама ұйымдастырмақ.

Мерекелік іс-шаралар ел өңірлерінде де жалғасады. Әр аймақта экологиялық акциялар, сенбіліктер, ағаш отырғызу, мәдени-ағартушылық бағдарламалар өткізіледі. 

Қарағанды облысында экологиялық бастамалар мен жастар акциялары өтсе, Ақмола облысында аумақтар абаттандырылады. 

Ақтөбе облысында тақырыптық бағдарламалар мен қоғамдық іс-шаралар жоспарланған, ал Маңғыстау облысында жастар мен волонтерлердің қатысуымен түрлі жобалар жүзеге асады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.