Ер адам қала көшелерінің бірінде ұрланған телефондарды сатпақ болған сәтте ұсталған.
Ақтөбеде дүкеннің есігін балғамен бұзып, 15 миллион теңгенің телефонын ұрлаған күдікті ұсталды
113
оқылды

Ақтөбеде дүкенге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Белгісіз ер адам дүкеннің кіреберіс есігінің әйнегін балғамен сындырып, ішке кірген. Ол жерден 18 ұялы телефонды қолды еткен. Кәсіпкердің айтуынша, келтірілген шығын шамамен 15 миллион теңгені құраған.

Полицияның жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, қолға түсті. Ер адам қала көшелерінің бірінде ұрланған телефондарды сатпақ болған сәтте ұсталған.

Тергеу нәтижесінде барлық ұрланған ұялы телефондар тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.