Ал қалған екі сотталушының әрқайсысына 9 жылдан жаза тағайындалды.
«Ағасын өлтіріп, кішкентай қызын алып кеткен»: Талғардағы атышулы іске кінәлі 25 жылға сотталды
358
оқылды

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Талғар ауданында болған резонансты іс бойынша үкім шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сот шешіміне сәйкес, басты айыпталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қалған екі сотталушының әрқайсысына 9 жылдан жаза тағайындалды.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Жандос Палманов азаматтық талап-арыздың ішінара қанағаттандырылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, тарап үкіммен келіспейді әрі апелляциялық шағым түсіруге ниетті.

«Жәбірленуші тарап басты айыпталушыға тағайындалған жазаны тым жеңіл деп санайды. Біз апелляциялық тәртіппен шағым түсіреміз», – деді адвокат.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 2025 жылғы 6 қыркүйекте Талғар ауданында болған. Белгісіз ер адам бір кісіні атып өлтіріп, кішкентай қызды алып кеткен.

Тергеу мәліметінше, күдікті мен қыздың анасы бұрын жақын қарым-қатынаста болған. Арадағы жанжал кезінде ер адам әйелдің ағасын мылтықпен атып, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Кейін полицияның арнайы жасағы қызды құтқарып, күдіктіні ұстады. Зардап шеккен балаға ота жасалған.

Іс 2025 жылдың 17 қарашасында сотқа жолданды. Ал 4 желтоқсанда Қаскелең қаласында өткен алдын ала сот отырысында судья шешімімен процесс жабық режимде қаралатын болды.

Сонымен қатар аталған оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі бойынша да іс қозғалды. Қылмыстың алдын алмаған құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты сот процесі жалғасып жатыр.