Тбилиси қаласында (Грузия) дзюдодан Grand Slam сериясының кезекті турнирі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жарысқа қатысушылардың алдын ала өтінімдерін жариялады.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының сапында 12 спортшы бар.
60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин
81 келіге дейін: Мәди Амангелді, Асқар Нарқұлов
90 келіге дейін: Барақ Арқабай
100 келіге дейін: Бақжан Байтас, Бейбіт Мадеев
100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев
Тбилисидегі Grand Slam турнирі 20-22 наурыз аралығында өтеді.