Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның нәтижелі еңбегіне айрықша тоқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Комиссия мүшелері өте ауқымды, тиімді жұмыс атқарып, мемлекет пен қоғамның өзара сенімі және серіктестігі аса маңызды екенін айқын көрсетті.
Жалпыұлттық коалиция мүшелері де қажырлы қызмет етті. Олар жаңа Конституцияның мән-мазмұнын жұртшылыққа кеңінен түсіндіріп, қажетті үгіт-насихат жұмысын ойдағыдай атқарды.
Бүгін осы тарихи сәтке орай, мен Комиссия құрамында болған барша азаматқа және коалиция мүшелеріне ерекше ризашылығымды білдіремін.
Еліміздің әр аймағы, ауданы мен қаласында қоғамдық белсенділер, олардың ішінде еріктілер, яғни волонтерлер жоғары азаматтық жауапкершілік танытып, Халық Конституциясының қабылдануына зор үлес қосты. Баршаңызға рақметімді айтамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.