Карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді әкелу әрекеттерінің жолы кесілді.
Елге үшінші елдерден карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 145 заңбұзушылық анықталды
Фото: gov.kz
115
оқылды

2026 жылдың басынан бері Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік инспекторлары өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы бойынша үшінші елдерден еліміз аумағына карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 145 деректі анықтаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Заңбұзушылықтардың негізгі себептері – фитосанитариялық сертификаттардың болмауы, карантиндік объектілердің анықталуы, сондай-ақ белгіленген фитосанитариялық нормалардың сақталмауы.

Тексерулер қорытындысы бойынша, өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзуға жол берген тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыс елдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, карантиндік объектілердің енуі мен таралуының алдын алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісін қорғауға бағытталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.