Күдікті танымал хабарландыру қосымшасында қымбат смартфондарды арзан бағада сату туралы жалған ақпарат жариялаған.
45 мың теңгелік iPhone 17 Pro Max: Шымкентте алаяқтық жасаған күдікті құрықталды
Фото: gov.kz
202
оқылды

Шымкент қаласы Полиция департаменті  Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың бірнеше дерегіне қатысы бар күдікті әйелді анықтап, ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Күдікті танымал хабарландыру қосымшасында қымбат смартфондарды арзан бағада сату туралы жалған ақпарат жариялаған. Атап айтқанда, iPhone 17 Pro Max телефонын нарықтағы құнынан әлдеқайда төмен бағамен – 45 мың теңгеге сататынын көрсеткен.

Тиімді ұсынысқа сенген қала тұрғындарының бірі "сатушымен" байланысып, көрсетілген шотқа ақшаны аударған. Алайда қаражатты алғаннан кейін әйел байланысқа шығуды тоқтатқан.

Күдіктінің осыған ұқсас тәсілмен жасалған 4 алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарға онлайн сатып алу кезінде сақ болуды ескертеді. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыздар және хабарландырулардың шынайылығын мұқият тексеріңіздер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.