Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Ұлттық академиялық кітапханада «Ұлттық мәдениеттің негізі – салт-дәстүрлер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ұлттық мәдениеттің негізі – салт-дәстүрлер
185
оқылды

Аталмыш кітапхананың ақпараттық-мәдени бағдар­ламалар бөлімінің әдіскері Таңшолпан Серікқызының айтуынша, бұл көрменің мақсаты – оқырмандарды қазақ халқының бай мәдени мұрасымен таныстырып, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың, ырым-тыйымдардың тәрбиелік мәнін насихаттау, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру.

Кітап көрмесіне халқымыздың салт-дәстүрі, ұлттық дүниетанымы, әдет-ғұрыптары мен рухани мұрасы туралы жазылған еңбектер қойылды. Атап айтқанда, Өзбекәлі Жәнібековтің «Дәстүр және уақыт», Дүнгенбай Ботпаевтың «Көктем кеші», «Қош келдің, Наурыз!», «Жаңа дәстүр, жаңа салт», Қасымхан Бегмановтың «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» төрт томдығы, Нұролла Ғазизовтың «Көктем көңілі», «Дәстүрлі атаулар», «Қазақтың бата-тілегі», «Салт-дәстүр сөйлейді», «Армысың, әз Наурыз!», Ұлықбек Есдәулеттің «Ұлыстың ұлы күні» сынды кітаптар ұсынылды.

Осы туындылар оқырмандарды ұлттық құндылықтардың мән-маңызын тереңірек тануға шақырып, халқымыздың рухани мұрасын дәріптеуге бағытталған.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ