Жолды 2026 жылы 14 наурыз сағат 08:00-да ашу жоспарланған.
Қолайсыз ауа райына байланысты Павлодар облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
94
оқылды

ҚазАвтоЖол Павлодар облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп жазды Aikyn.kz.

2026 жылғы 13 наурыз сағат 21:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі: 

- «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 0 — 152 шақырым аралығы (Павлодар қаласы — РФ шекарасы); 

- «Павлодар — Шарбақты — РФ шекарасы» автожолының 0 — 112 шақырым аралығы (Павлодар қаласы — РФ шекарасы). 

Жолды 2026 жылы 14 наурыз сағат 08:00-да ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.