Кең ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне жылы әрі құрғақ ауа райын әкеледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" ақпаратына сәйкес.
Тек елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің күшеюі және бұрқасын күтіледі. Республика бойынша тұман болуы ықтимал.
Күндіз ауа температурасы елдің батысы мен оңтүстігінде +3…+15°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде –2°С-тан +5°С-қа дейін болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.