Қаладағы 520 мыңнан астам, ал ауылдағы 70 мыңға жуық отбасы баспаналы болды.
Соңғы үш жылдың ішінде елімізде 57 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды – Президент
Akorda.kz
406
оқылды

Бүгін Тәуелсіздік сарайында өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың баспанамен қамтылып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Тұрғын үй құрылысы да тұрақты әрі қарқынды дамып келеді. Соңғы үш жылдың ішінде елімізде 57 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Басқа іргелес елдермен салыстырсақ, бұл, расында, жан басына шаққанда ең жоғары құрылыс ауқымы. Қаладағы 520 мыңнан астам, ал ауылдағы 70 мыңға жуық отбасы баспаналы болды.

Сонымен қатар әлеуметтік инфрақұрылым да дамып жатыр. Соңғы жылдары мыңдаған заманауи мектеп және медицина, мәдениет, спорт нысандары салынып, күрделі жөндеуден өтті.

Шын мәнінде, қазіргі таңда еліміз үлкен бір құрылыс алаңына айналды деуге болады. Қай жаққа қарасаңыз да құрылыс, жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Мұны аймақтарға жиі баратын, елімізді жиі аралайтын азаматтар көріп, біліп жүр,– деді Мемлекет басшысы.