Атыраудағы мектептерде заманауи технологиялар сабақ барысында қолданылып келеді.
Атырауда білім беру саласына жасанды интеллект енгізілді
Фото: gov.kz
168
оқылды
Бүгінде оқушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін тапсырма орындауға, жобалар әзірлеуге пайдаланса, мұғалімдер оқу процесін тиімді ұйымдастыруға және мазмұнын байытуға қолдануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлімдеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz..
Қалалық педагогикалық оқулар байқауында физика пәні бойынша І орын иеленген ұстаз Абай Қасымовтың айтуынша, жасанды интеллектінің пайдалы тұстары аз емес. 
 – Дәстүрлі сабақпен қатар ЖИ арқылы видеосабақтар мен түрлі білім беру бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік бар. Заманауи әдістерді меңгеру – бүгінгі мұғалім үшін маңызды талап. Жан-жақты болуға, қазіргі оқушылардың талабына сай келуге жұмыстанамын, – деді физика пәнінің мұғалімі Абай Қасымов.
Оқушылар да жасанды интеллект құралдарын қолданады. Алайда бұл ұстаз бақылауында. ЖИ-ді тек өздігінен орындалған тапсырмаларды тексеруге және жобалық жұмыстар дайындауға пайдаланады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.