Белгілі әнші Мақпал Исабекова журналист Динара Сатжанға ашық сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші сұхбат барысында жеке өміріне байланысты қауесетке нүкте қойды. Ол күйеуімен ажырасқанын ресми түрде мәлімдеді.
"Біз ажырастық. Бұл менің өмірімдегі ең қиын, ең ауыр жүктілік болды. Ол сынақтарға толы болды", - деді әнші.
Жақында әншінің "Салқын" атты жаңа әні шыққан болатын. Көрермен композицияның мәтініне назар аудара отырып, оның жеке өміріне қатысы барын байқаған.
Айта кетейік, әншінің бұрынғы күйеуінен ұлы мен қызы бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.