Қытай коронавирусты тексеретін робот жасауға кірісті
Қытай коронавирусты тексеретін робот жасауға кірісті
© 24.kz
414
оқылды
Қытайда медицина қызметкерлерінің орнына коронавирус жұқтыру қаупі бар науқастарды тексеретін робот құрастыру жұмыстары басталды. Бұл туралы korrespondent.net Синхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. Бұл өнертабысты Siasun Robot and Automation робот жасаушы компаниясы Қытайдың Шэньян автоматтандыру институтымен бірлесіп жасамақ. Жобаны жедел іске асыру үшін роботты құрастыруға институттың әртүрлі бөлімдерінің мамандар жұмылдырылды. Айта кетсек, коронавирусты жұқтырған-жұқтырмағанын тексеру барысында әдетте пациенттің ауыз қуысынан сараптама жинау үшін тампон қолданылады. Сондықтан медбикелердің вирусты жұқтырып алу қаупі жоғары.