Ол жаңа образдағы суретін жариялап, қыз тәрбиесіне қатысты өз ұстанымын білдірген.
«Қызымды келін боласың деп өсірмеймін...»: Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасы талқыға түсті
166
оқылды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында қыз тәрбиесі туралы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол жаңа образдағы суретін жариялап, қыз тәрбиесіне қатысты өз ұстанымын білдірген. 

«Біліп жүргейсіз. Менің қызым өз үйіне қонақ емес, ол менің жалғасым. Мен қызымды өзге үйге “келін боласың” деп өсірмеймін, өз өмірі, қалауы, еркі, сезімі бар тұлғасың деп аялаймын. Қызыма қырық үйден тыйым емес, қолдау бар», — деп жазды актриса.

Оның жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Бірі қолдау білдірсе, енді бірі бұл көзқарасы ұлттық дәстүрге сай келмейтінін айтып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.