Астанада 8 наурыз қарсаңында азық-түлік жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады.
8 наурыз қарсаңында жәрмеңкеде гүл сатылымға шығады
Фото: iStock
163
оқылды

Халықаралық әйелдер күніне орай, 7 және 8 наурыз күндері елордада азық-түлік жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, бәліштер, пісірілген нан-тоқаштар, табиғи шырындар, джемдер және тағы басқа өнімдерді арзан бағада сатып ала алады.

Сонымен қатар 8 наурыз қарсаңында жәрмеңкеде гүл өнімдері сатылымға шығады, келушілер жаңа шыққан гүлдер мен мерекелік гүл шоқтарын ала алады.

Іс-шара 7 және 8 наурыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін  Keryen Joly  сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.

Қонақтардың ыңғайлығы үшін жәрмеңке орындарының жанында №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруты жүреді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.