Күнтізбелік көктемнің басталуына байланысты Қазақстан аумағындағы ауа райы солтүстік-батыс циклондар сериясының ықпалында қалыптасады.
Қазақстан бойынша  5-7 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: iStock
160
оқылды

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 5-6 наурызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман күтіледі, солтүстік өңірлерде боран болжанады.

Елдің оңтүстігінде күндізгі ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.