ҚазАвтоЖол Қызылорда және Ұлытау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2026 жылғы 27 ақпан сағат 23:30-да ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:
Қызылорда облысы:
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» (KAZ14) км 12–216 (Қызылорда қаласы — Ұлытау облысы шекарасы).
Ұлытау облысы:
- «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» (KAZ14) км 216–424 (Қызылорда облысы шекарасы — Жезқазған қаласы).
Жолды 2026 жылғы 28 ақпан сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.