Өте тартысты өткен жекпе-жекте жерлесіміз дәл соққыларын көп дарытып, таразы басын өз жағына бұра алды.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы «Странджа» турнирінде жеңісті жұлып алды
Фото: ҚБФ
136
оқылды

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Болгария астанасы София төрінде өтіп жатқан «Странджа» турнирінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Париж Олимпиадасының қатысушысы, 70 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы екінші айналымда Ирландия спортшысы Джон Макконеллмен күш сынасты. 

Өте тартысты өткен жекпе-жекте жерлесіміз дәл соққыларын көп дарытып, таразы басын өз жағына бұра алды. Есеп: 5:0.

Сонымен қатар Фарух Тоқтасынов әлем чемпионатының жүлдегерін жеңді.

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Фарух Тоқтасынов 1/8 финалда 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Байрамдурды Нұрмұхаммедовпен (Түркіменстан) жолықты. 

Атағы жоғары болса да, жерлесіміз еш қаймықпай, 3 раундта да өзінің басымдығын таныта білді. Есеп: 5:0. Фарух Тоқтасынов 2025 жылғы Болгариядағы турнирдің күміс жүлдегері саналады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»    TELEGRAM  арнасынан табасыз.