Ірі кәсіпорынның қызметкерлері Қазақстандағы ауқымды конституциялық реформалардың маңызына тоқталып, олардың еліміздің алдағы дамуы үшін стратегиялық мәні зор екенін жеткізді.
Маңғыстаудағы ірі мұнай кәсіпорындары жаңа Конституцияға қолдау білдірді
185
оқылды

Маңғыстау облысындағы мұнай өндіру кәсіпорындарының еңбек ұжымдары – «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ,  Oil Services Company  ЖШС және Dunga Operating өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Компанияның мәліметінше, аталған кәсіпорындарда ондаған мың адам еңбек етеді. Олар күн сайын мұнай мен газды тұрақты өндіруді қамтамасыз етіп, мұнай-газ саласының дамуына және ел экономикасының нығаюына елеулі үлес қосуда. Еңбек ұжымдарының ұйымшыл әрі үйлесімді жұмысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Ірі кәсіпорынның қызметкерлері Қазақстандағы ауқымды конституциялық реформалардың маңызына тоқталып, олардың еліміздің алдағы дамуы үшін стратегиялық мәні зор екенін жеткізді.

«Біз еліміздің болашағы үшін, тұрақтылық пен бірлік, заң мен тәртіп үшін дауыс береміз. Мемлекеттілікті нығайтуға, қоғамды дамытуға және әр азаматтың жауапкершілігін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдаймыз. Маңғыстау облысындағы мұнай кәсіпорындарының ұжымдары жаңа Конституцияны қолдайды және баршаңызды алдағы референдумда азаматтық ұстанымын танытып, дауыс беруге шақырады», – деп атап өтті кәсіпорын өкілдері.

«ҚазМұнайГаз» ҰК өкілдерінің айтуынша, мұнай-газ саласының қызметкерлері жаңа Конституцияның қабылдануы тұрақты экономикалық өсудің, әлеуметтік әділдіктің және мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтудың берік негізіне айналатынына сенімді.