Астана қаласында ауа райына байланысты екінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігінің ақпаратына сәйкес.
«2026 жылғы 26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты екінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.