Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін халыққа кең көлемде ақпараттық түсіндіру жұмыстарына орай сенаторлар еліміздің өңірлеріне аттанды.
Сенаторлар елмен жүздесті
162
оқылды

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина мен депутат Әсем Рахметова өңірдегі еңбек ұжымдарымен кездесулер барысында жария етілген конституциялық өзгерістер әлеуметтік салаға, еңбек кепілдіктеріне және азаматтардың құқықтарын қорғауға қалай әсер ететіні туралы айтты. Педагог­тер мен кәсіпорын қызметкерлері үшін реформалардың практикалық маңызы басты назарда болды.

Бірінші кездесу Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №9 мектептің педагогикалық жұртшылығымен өтті. Қатысушылар педагог мәртебесі, кәсіби қорғау кепіл­діктері және жетілген құқықтық мәде-н­иетті қалыптастырудағы білімнің рөлі туралы мәселелерді талқылады.

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова «AMANAT» партиясындағы коалиция мүшелерімен бірлесе отырып Жолдасбеков атындағы № 9 лицей ұжымымен және Шымкент қаласының № 2 көпсалалы аурухана­сының қызметкерлерімен кездесті.

Парламентшілер жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіріп, ол нақты өзгерістер туралы емес, еліміздің одан әрі дамуын айқындайтын страте­гиялық құжат екенін атап өтті. Қатысу­шыларды әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту мәселелері қызықтырды. Нұрлан Бекназаров ұсынылған өзгерістер құқықтық мемле­кетті нығайтуға және азаматтардың билік институттарына деген сенімін арт­тыруға бағытталғанын атап өтті. Айгүл Қапбарова әлеуметтік мемлекет қағидатына және адами капиталды дамытудың басымдығына назар аударды.

Сенатор Ернұр Әйткенов жалпы­ұлттық коалиция аясында Павлодар облысында кездесулер өткізді. Жұмыс облыстық коалиция штабының қыз­меті­мен танысудан басталды. Сенатор жүр­гізіліп жатқан түсіндіру жұмыс­тарының жүйелі сипатын атап өтіп, жаңа Конституция жобасының ережелері туралы азаматтарды хабардар ету жөн­індегі алдағы қадамдарды жұртшылық өкілдерімен бірге талқылады. Өңір жастарымен кездесу барысында конституциялық реформаның негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. 

Сенат депутаттары Геннадий Шиповс­ких пен Марат Қожаев қала тұрғын­дары­мен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді. Онда конституциялық реформаның негізгі бағыттары мен 15 наурызға белгіленген жалпыұлттық референдумның маңыздылығын түсіндіру негізгі тақырып болды. Сенаторлар «Есіл» ауданының Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен және аға буын өкілдерімен кездесті. Ашық диалог барысында саяси жүйені жаңғырту, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту және әлеуметтік басымдықтарды сақтау мәселелері талқыланды. 

Сенат депутаттары Бекболат Орын­беков пен Сәкен Арубаев Жуалы ауданының тұрғындарымен және Жамбыл облысының белсенді зиялы қауым өкіл­дерімен кездесті. Жаңа Конституцияның жобасы талқылаудың негізгі тақырыбы болды.

Сенаторлар кездесулер барысында құжаттың негізгі ережелерін түсіндіріп, еліміздің ұзақмерзімді стратегиялық дамуының құқықтық негізі ретіндегі маңызын атап өтті. Ұсынылған өзгерістер мемлекеттік институттарды нығайтуға, басқару жүйесін жетілдіруге және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтама­сыз етуге бағытталғаны айтылды.

Парламентшілер сондай-ақ алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумның мақсаты мен маңызына тоқталып, бұл еліміздің одан әрі құқықтық болашағын айқындаудағы маңызды кезең екенін жеткізді.

Сенаторлар Амангелді Нұғманов пен Бауыржан Қаниев «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы шеңберінде Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен кездесу өткізді. Онда жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіру және алдағы республикалық референдумға дайындық жұмыстарын үйлестіру жұмыстарының барысы басты назарда болды.

Сенаторлар ұсынылған өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостан­дықтарын кеңейтуге, мемлекеттік бас­қарудың тиімділігін арттыруға, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға және өңірлердің тұрақты дамуына бағытталғанын атап өтті.

Сенатор Алтынбек Нұхұлы жалпы­ұлттық коалиция аясында Павлодар облысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылауға және түсіндіруге арналған бірқатар кездесу өткізді. Сенатор Талғат Жүнісов коали­цияның республикалық штаб мүше­лерімен бірлесе отырып жаңа Конс­титуцияның жобасын түсіндіру және алдағы республикалық референдумды талқылауға орай өңір тұрғындарымен және «Viamedis Қосшы», «Сапа су» ЖШС және «Дара Business Academy» жекеменшік мектебінің еңбек ұжым­дарымен кездесулерін өткізді. Білім, ғылым және инновация алғаш рет Қазақстанның болашағының іргетасы ретінде Негізгі заң жобасының кіріс­песінде тікелей бекітілгеніне ерекше назар аударылды.

Сенат депутаттары Амангелді Есбай мен Ғалиасқар Сарыбаев Талдықорған қаласында Күләш Байсейітова атындағы музыка колледжінің ұжымымен және студенттерімен кездесті. Жаңа Конс­титуцияның жобасы және елімізде жүр­гізіліп жатқан саяси реформалар тал­қылаудың негізгі тақырыбы болды. Сенатор Амангелді Есбай кездесуді аша келіп, жаңа Конституцияның жобасы саяси жүйені дәйекті жаңғыртудың және биліктің ашықтығы мен есептілігі қағи­даттарын нығайтудың маңызды кез­еңі болып табылатынын атап өтті. Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев талқылауды жалғастыра келіп, қайта құру үдерісіне қоғамдық қатысудың маңыздылығына назар аударды. Сенаторлар сондай-ақ Ескелді ауданының педагогтерімен және Қайнарлы ауылдық округінің тұрғын­дарымен кездесті. 

Сенат депутаттары Бибигүл Жексен­бай мен Дархан Қыдырәлі Ұлттық мұра­ғат ұжымымен кездесіп, жаңа Конституцияның жобасын және оның қоғам үшін маңыздылығын талқылады. Жүздесуге қатысушылар бұл өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғау, дербес деректердің қауіпсіздігі және әділдік пен жауапкершілікті қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөліне қалай әсер ететінін айтты. Бибигүл Жексенбай жаңа Конституцияның әр адамның күнделікті өміріне қатысты құжат екенін атап өтті. Дархан Қыдырәлі мұрағат саласының реформалар жағдайындағы маңызына назар аударды. 

Сенатор Ләззат Рысбекова Орал қаласындағы №5 емхананың еңбек ұжымымен, сондай-ақ «Сервис» тех­нологиялық колледжінің оқытушы­ларымен және студенттерімен кездесті. Республикалық референдумға шы­ғарылған жаңа Конституцияның жобасы талқылаудың басты тақырыбы болды. Депутат кездесу барысында құжаттың негізгі ережелерін жан-жақты түсіндірді. 

Сенат депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының ережелерін түсіндіруге орай халықпен және еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізді. OIL Services Company кәсіп­орнының қызметкерлерімен кездесуде конституциялық реформалардың мазмұны мен маңыздылығы түсіндірілді. Жаңаөзен қаласында Қазақ газ өңдеу зауыты мен  KMG EP-Catering компаниясының ұжымы­мен де кездесті. Қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту тетіктері, сондай-ақ Парламент пен жергілікті жерлердегі өкілетті органдардың өкіл­еттіктерін күшейту мәселелері туралы айтылды. 

Сенат депутаттары Сұлтанбек Мәкежанов, Нурия Ниязова және Жанна Асанова Алматы қаласына жұмыс сапары аясында әлеуметтік сала өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Шаралар Қазақстан Республикасының жаңа Конс­титуциясының жобасын түсіндіру жөніндегі жалпыұлттық коалицияның қызметі аясында өтті. 

Қарағандыда жалпыұлттық коали­цияның өкілдері Индустриалды-техни­калық колледж оқытушыларымен және студенттерімен, сондай-ақ М.Жұмабаев атындағы гимназияның педагогикалық ұжымымен кездесті. Шаралар жаңа Конституцияның жобасын талқылауға арналды. Диалогқа сенатор Серік Өтешов, облыс және қала мәслихаттарының депутаттары, саяси партиялар мен бұқа­ралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жаңа Конституция жобасында-ғы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайту, адами әлеуетті дамыту және қоғамның мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысуын кеңейту жөніндегі негізгі ережелеріне баса назар аударылды. 

Сенат депутаттары Шәкәрім Бұқ­тұғұтов пен Ольга Булавкина Шығыс Қазақ­стан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаковпен бірге жаңа Конституцияның жобасы мен алдағы республикалық референдум аясында өңірді дамытудың негізгі мәселелерін талқылады.