Миланда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров елге оралды.
Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтерді сыйға тартты
Фото: olympic.kz
282
оқылды

25 ақпанға қараған түні Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров пен мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина елге оралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Михаил Шайдоровқа 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды. Сонымен қатар, мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина мен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әсем Қасеноваға 1 бөлмелі пәтер кілті берілді. Жаттықтырушыға сыйлықты Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағы берді.

Еске сала кетейік, Софья Самоделкина Олимпиадада үздік он спортшының қатарына енді.  

Михаил Шайдоров жанкүйер болған елге, күтіп алған қолдаушыларына ризашылығын білдіріп, сыйлық үшін алғысын айтты.

Қарсы алу рәсіміне Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және ҰОК президенті Геннадий Головкин, спортшылардың туыстары, жанкүйерлер мен  БАҚ өкілдері күтіп алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.