Тележүргізуші студент кезін еске алды.
"Балапан едім...": Ләйлә Сұлтанқызы 30 жыл бұрынғы суретін жариялады
Фото: instagram.com/ sultankyzy
140
оқылды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде отыз жыл бұрынғы суретін жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Тележүргізуші студент кезін еске алды. Сонымен қатар бүгінгі өмір алдыңғы буынның ауыр еңбегі, жарқын болашаққа деген ұмтылысының жемісі екенін атап өтті. 

«Арасы 30 жыл. 1995 жылы балапан едім ғой. Студент кезім… Стипендияны бір айға жеткізіп, ары кетсе ботаникалық баққа барып қыдыратын күндеріміз есімде. Қазір сол жылдардың қиындықтары мен сынақтарын балаларыма айтсам, «Ертегі ғой, анашым», дейді. Ал олардың бүгінгі алаңсыз балалығы сол кездегі үлкендердің ауыр еңбегі, ұмтылысы мен жарқын болашаққа деген сенімінің арқасы деп ойлаймын. Ал біздің болашақ ұрпағымыздың ертеңі - өз қолымызда. Эстафетаны қабылдап, ары қарай жолдаймын.  Сіздер 30 жыл бұрын қандай едіңіздер?» - деп жазды тележүргізуші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.