Әнші, актриса Камшат Жолдыбаева Instagram желісінде көрермен сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Қазір декреттік демалыста отырған әншіден оқырмандар шығармашылығы, сахнаға қашан оралатыны жайлы сұрады. Әнші қазіргі өмірі өзіне ұнайтынын айтты.
«Жаңа ән туралы ойлап қоямын, тіпті тапсырыс беріп қойғандай болдым. Дегенмен өмір жолым мені сахнаға әзір асықтырмайтын сияқты. Не істейін? Тек қабылдайын. Тек қуанайын. Бұл өмір сахнадан да басқа қызықтарға толы...», — деп жазды әнші.
Камшат Жолдыбаева күйеуі, актер Ғазрет Ержановпен сериалдың түсірілімі барысында танысып, отбасы құрғанын айтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.