Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында видео жүктеп, ерекше сезімді басынан өткізгенін жеткізді.
«Алланың барына көзім жетті...»: Дастан Оразбеков жан сырын ақтарды (видео)
177
оқылды

Әнші Дастан Оразбеков Меккеде Қажылық парызын өтегеннен кейінгі әсерін жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында видео жүктеп, ерекше сезімді басынан өткізгенін айтты.

"Аллаға дұға жасаған кезде оның мейірімін сезініп, ішімде сондай бір толқыныс, ерекше бір сезімге тап болдым. Кішкене көзге жас алып, бір іштей сондай бір сезім пайда болды. Аллаға жасаған құлшылығымның сондай бір Алланың мейірімі шексіз екенін сезініп, дәл сол жерде соның барына сендім. Бір үлкен ақиқат. Кейде пенде болған соң күмәнданасың ғой. Дәл сол кезде барлық күмәннің шайылып кеткендей, Алланың тура алдына келіп тұрғандай сезімде болады екенсің. Барша Мұсылмандарға Меккеге баруды нәсіп етсін. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын", - деді әнші. 

Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, Қажылығының қабыл болуын тілеп, жылы лебізін білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.