Бірақ полиция шенеунікті босатып жіберген.
Батыс Қазақстан облысында 57 жастағы шенеунік кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді
231
оқылды

2 қаңтарда Шыңғырлау ауданында 57 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды алдап, өз үйіне шақырып, зорлық жасаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жәбірленушінің әкесінің айтуынша, күдікті шенеунік кінәсін мойындаған және қыз да оны таныған. Бірақ полиция шенеунікті босатып жіберген.

Қыздың әкесі тергеу органдарының әрекетсіздігін сынап, сондай-ақ телефонына лауазымды шенеунік тарапынан қорқыту сипатындағы хабарламалар келіп жатқанын хабарлады.

Полиция бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалғанын растады. Алайда күдіктіні қамауға алу мәселесі тек «тергеу әрекеттерінің кешені» жүргізілгеннен кейін шешілетін болады.

 

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр, құқық қорғау органдары жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдаған.