Әйел моральдық зиян үшін өтемақы талап еткен.
Қостанайда кәмпиттен жәндік шығып, тұрғын моральдық өтемақы өндіріп алды
128
оқылды

Қостанай қаласында сатып алынған кәмпиттің ішінен жәндік табылып, қала тұрғыны сотқа жүгінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әйел моральдық зиян үшін өтемақы талап еткен.

Қалалық сотта азаматша Л.-ның жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қарсы моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. Сот анықтағандай, өткен жылдың қыркүйек айында талапкер қаладағы супермаркеттердің бірінен кәмпит сатып алған. Келесі күні қаптаманы ашқан кезде өнімнің ішінен зиянкес жәндіктерді байқаған.

Сот отырысында жауапкер тарап сапасыз тауардың сатылғанын мойындады. Бірақ денсаулыққа нақты зиян келтірілгені жөнінде дәлелдер жоқ екенін алға тартып, талапкер көрсеткен өтемақы сомасымен келіспеген. Сонымен қатар жауапкер 200 мың теңгені ерікті түрде төлеуге дайын екенін білдірген.

Іс материалдарын зерделеген сот сапасыз өнімнің сатылғанын анықтап, бұл жайт жауапкер тарапынан да дау туғызбағанын атап өтті. Нәтижесінде, сот моральдық зиян өтемақысының мөлшерін 250 мың теңге көлемінде белгілеуді орынды деп тапты.

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.