Белсенділер белгіленген орындарда үгіт-насихат плакаттарын ілумен қатар, ақпараттық-түсіндірме парақшаларын азаматтарға таратты. Сондай-ақ Халықтық штаб мүшелері мен белсенділер еліміз бойынша ақпараттандыру, түсіндірме жұмысы жүргізіліп жатыр.
Жалпыұлттық коалиция белсенділері Шымкенттегі жастармен кездесті
баспасөз орталығынан алынды
118
оқылды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция белсенділері өңірлерде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізіп жатыр.  Сонау Астана қаласынан бастау алған жұмыс, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкентте жалғасын тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Жалпыұлттық коалиция штабының мүшесі, «Жастар Рухы» төрағасының орынбасары Ержан Хамитов науқанға еліміздің барлық өңірлерінен жастар белсенді қатысып жатқанын атап өтті.

«Коалиция жұмысы басталысымен 3 республикалық маңызы бар қала мен 17 облыста құрылған штабтар жанындағы белсенділер жүйелі іске кірісті. Бүгінде жастар офлайн форматта ақпараттық материалдарды таратып, азаматтарға жаңа Конституцияның мазмұны мен 15 наурызда өтетін референдумның маңызын түсіндірді.  Негізгі мақсат  қоғамға алдағы саяси науқанның мәні мен маңызын жан-жақты жеткізу», – деді ол.

Штаб өкілдерінің мәліметінше, ақпараттық шаралар облыс және қала орталықтарымен қатар, аудан мен ауылдық елді мекендерді де қамтып отыр. Алдағы уақытта «Есіктен есікке» акциясы ұйымдастырылып, тұрғындармен жеке форматта жүздесу жоспарланған. Бұл бастама аясында азаматтардың сұрақтарына нақты жауап беріліп, қосымша түсіндірме материалдары ұсынылды.

Бұдан бөлек, Халықтық штаб мүшелері республика көлемінде кездесулер ұйымдастырып, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен ұсынылған өзгерістердің мәнін кеңінен түсіндіруде. Тұрғындармен ашық пікір алмасу форматында кездесулер өткізіліп, азаматтардың сауалдарына жауап беріліп, ұсынысы ескерілді.