Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуеқатынасы ашылуы мүмкін

Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті. 

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуеқатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуекемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.

Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.